Былтыр күзде 18 жастағы Мұхамедияр Тастан Шекара қызметі әскери бөлімшесінде өзіне қол жұмсады. Әскери сот сарбазға "қысым көрсетті" деп, бөлімшенің кіші сержанты Азамат Тақыбаевты алты жылға соттады. Тақыбаев та, жәбірленуші тарап та сарбаз өліміне жалғыз сержант жауапты дегенге келіспейді.